Лента новостей
0

Алматыда өткен басты мерекелік шараға 100 мыңнан астам адам қатысты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.03.2016 19:14 Zakon.kz
«Астана» алаңынан бөлек, мерекелік шаралар қаланың барлық 8 ауданында ұйымдастырылды.

Алматыда кеңінен аталып өткен Наурыз мейрамы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматының1000 жылдығы аясында ұйымдастырылатын мерекелік шаралар легін бастады. «Астана» алаңында өткен шараға 100 000 астам адам қатысқан, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Концерттік бағдарламаға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Якутия, Қазақстан және басқа да елдерден келген артистер, өнер ұжымдары қатысты. Шығармашылық ұжымдар өз билерінде көпұлтты Қазақстанды жан-жақты қырынан көрсете білді. Одан бөлек, мультимедиалы-хореографиялық көріністер қойылып, кішкентай көрермендерге сауықтық, шоу-бағдарламалар ұсынылып, ертегі кейіпкерлеріне енген аниматор қуыршақтар, цирк қойылымы көрермен көңілін қош етті.

Сонымен қатар, мерекелік шара аясында «Цесна» компаниясы әзірлеген 500 келі бауырсақ пен кәсіпкерлер қамтамасыз еткен 500 литрге жуық «Наурыз-көжеден» тегін дәм татуға мүмкіндік болды. Ал, бауырсақты үйде әзірлеймін деген тұрғындарға «Абдукаримова» ЖК «Даяр» өнімдері Кедендік одақта патенттелген мұздатылған қамырларын үлестірді.

Атап айту керек, 7 тақырыптық аймаққа бөлінген алаңның бір бөлігін «Астана» - «street food» наурыз-көже салудан бастады. СССР Халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова ақ батасын беріп, мерекелік дәмнің жасалуына өз үлесін қосты.

Ал, ұлттық ойын түрлерін ойнап, дәстүрлі спорттық сайыстарға қатысуға ниет білдіргендер «Асық ату», «Жамбы ату», «Қол күрес», «Арқан тартыс», спортты-интеллектуалды «Тоғыз құмалақ», «Қазақша күрес», ұлттық ат спортынан «Көкпар тарту» сынды сайыстарда бақ сынады.

Наурыз мейрамы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Онда танымал өнер адамдары, шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. 30 киіз үй тігіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, шеберлік дәрістері көрсетілді. Ұлттық тағам әзірлеуден «Нағыз келін» сайысы өткізіліп, қазақ тілін үйренем деушілерге «Бас қосу» жасады. Ұлттық аспаптарда күмбірлетіп күй шертіп, киіз, былғары, керамика, жібек, күміс, ағаш пен металдан жасалған бұйымдар жәрмеңкесі мен «Казахи на рубеже веков» атты XIX-XX ғасырдағы мұрағаттағы суреттер көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты.

Фото:today.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: