Лента новостей
0

Астаналық оқушылар Көкшетаудағы олимпиадада үздік атанды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.03.2016 21:34 Zakon.kz
Көкшетауда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада аяқталды.

Бес күн бойы еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 735 оқушы түрлі бағыттар бойынша сайысты. Жаратылыстану-политехникалық бағытта астаналықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, «Үздік команда» атанды, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА, Астана әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Олимпиаданың іріктеу турларында барша Қазақстаннан 350 мың оқушы бағын сынады. Ақтық сынға математика, физика, химия, биология, география және информатикадан ең үздік оқушылар өтті.

Техника саласындағы жаңашылдықтар да тыс қалған жоқ. Олимпиаданың ашылу салтанатында оқушылар мен студенттердің инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.

Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша елордалық оқушылар жаратылыстану-политехникалық бағытта жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, соның ішінде 5 алтын, 11 күміс және 16 қола медальға қол жеткізді.

Сонымен қатар, екі бала Алматы қаласының Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің грантына ие болды.

Фото:kaztv.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: