Қанат Бозымбаев Республикасының Энергетика министрі қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысы Қ.А. Бозымбаевты Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев — мемлекет және қоғам қайраткері.
1969 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласында туған.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 ж. бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
1993 ж. — жекеменшік компанияның экономисі.
1994 ж. — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.
1997 ж. — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі „ҚазТрансОйл“ ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.
1998 ж. тамызынан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.
2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2001 ж. қаңтарынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.
2001 ж. мамырынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.
2003 ж. наурызынан — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.
2007 ж. тамызынан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі „Самұрық“ холдингі» Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы.
Фото:www.qazaquni.kz