Лента новостей
0

Қазақ танкшілері Армия ойындарына дайындалып жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.03.2016 23:37 Zakon.kz
Шара нәтижесінде 8 танк экипажы таңдалды. Олардың төртеуі өткен жылы «Алабино» полигонында өткен Халықаралық армия ойындары-2015 жарысына еліміздің атынан қатысқан болатын.

Қазақстан Қарулы күштері «Шығыс» аймақтық қолбасшылығына қарасты 10810 әскери бөлімінде үздік танкшілер анықталды. Бұл шара «Танк биатлонына» қатысатын экипаждарды таңдау үшін ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА.

Шара нәтижесінде 8 танк экипажы таңдалды. Олардың төртеуі өткен жылы «Алабино» полигонында өткен Халықаралық армия ойындары-2015 жарысына еліміздің атынан қатысқан болатын. Осы сарбаздар биыл да ел намысын қорғамақ.

Жалпы, 10810 әскери бөлімінің танкші жауынгерлері еліміздің Қарулы күштерінде ғана емес, әлемге танылған сарбаздар. Олар бірнеше мәрте халықаралық «Танк биатлоны» жарыстарына қатысқан. Сарбаздар өздерінің мергендіктерімен, танкті жүргізуді жасқы меңгергендіктерімен танылған.

Биыл Халықаралық армия ойындары-2016 жарысында 23 байқау ұйымдастырылады. Олар құрлықта, әуеде және теңізде өтеді. Жарыстар 21 әскери сынақ алаңында болады. Соның ішінде қазақстандық екі полигонда да осы жарыстар өтпекші. Өткен жылы бұл жарысқа қатысқан Қазақстан сарбаздары үш байқауда бақ сынады. Теңізшілер «Каспий теңізі», ұшқыштар «Авиадартс», танкшілер «Танк биатлоны» байқауларына қатысқан болатын.

Былтырғы жарыстардың қортындысы бойынша біздің сарбаздар «Каспий теңізі» және «Авиадартс» байқауларында екінші, «Танк биатлоны» байқауында төртінші орын иеленген еді.

Фото:kaznews.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: