Лента новостей
0

Ростов-на-Дону әуежайында құлаған Boeing 737 ұшағының пилоттары апат алдында дауласқан

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.03.2016 17:10 Zakon.kz
Ресейде құлаған Boeing 737 ұшағының жазу құралындағы мәліметтер жария етілді

Ростов-на-Дону әуежайына қонуға бет алған Boeing 737 құламай тұрып ұшқыштар өзара дауласып, бір-біріне қарама-қайшы әрекеттер орындаған. Boeing 737 ұшағының жазбалармен танысқан мамандар әуе апатына ұшқыштардың қателігі басты себеп болған деп отыр.

Басылымның жазуынша, ұшқыштар қону кезінде екінші айналымға баруды ұйғарып, ол үшін автопилотты ажыратқан. Сөйте тұра экипаж әуе кемесінің қону режимінен биіктікті алу режиміне ауысу ерекшелігін ескермеген. Салдарынан ұшақтың тұмсығы көкке қадалған. Boeing 737 әскери ұшақ болмағандықтан, мұндай әрекет аса қауіпті әрі ұшақты басқару ырқынан айырады, деп хабарлайды today.kz, НТВ арнасы таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Сол себептен екі ұшқыш бір-біріне айқайлаған. Олардың бірі жылдамдықты арттыруға тырысса, екіншісі алдымен ұшақтың тұмсығын төмен түсірмек болған. Әр ұшқыш өз штурвалдарын бір-біріне қарама-қайшы бағыттарда итеріп, ол әуе кемесінің электроникасын істен шығарып, апатқа апарып соққан.

Бұл нұсқа әзірге ресми расталған жоқ. Бұған дейін БАӘ азаматтық авиация басқармасы қара жәшіктен алынған жазбалардың сапасы орташа деп мәлімдеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, FlyDubai әуе компаниясының Boeing 737-800 әуе кемесі 19 наурыз күні Ростов-на-Дону әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 62 адам болған. Аман қалған ешкім жоқ.

Фото: ria.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: