Лента новостей
0

Жазда Қазақстанға келетін ресейлік туристер саны 200 мың адамды құрайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.03.2016 17:26 Zakon.kz
Нарық қатысушылары атап өткендей, бұрынғы Кеңес Одағы республикаларына Мәскеуден ғана емес, Ресейдің басқа да ірі қалаларынан сұраныс артқан.

Жазда Қазақстанға келетін ресейлік туристер ағыны 200 мыңнан астам адамды құрайды, деп хабарлады ҚазАқпарат, «Коммерсантъ» жариялаған мақалаға сілтеме беріп.

Басылым жүргізген сауалнама нәтижесінде мәлім болғандай, туристердің алдағы маусымда ең көп баратын жері Абхазия болмақ. Жазда Абхазияға 1, 5 млн ресейлік барады деп жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Грузияға, «Дельфин» компаниясының бағалауынша, осы жазда Ресейден 200-300 мың турист қатынамақ. Қазақстанға 100-200 мың, Қырғызстанға 100 мың, Өзбекстанға - 50 мың, Тәжікстанға - 30 мыңға жуық турист барады деп болжануда.

Нарық қатысушылары атап өткендей, бұрынғы Кеңес Одағы республикаларына Мәскеуден ғана емес, Ресейдің басқа да ірі қалаларынан сұраныс артқан. «Түркияға жол жабық, халық басқа демалыс орындарын іздеуде», - деді «Связной Трэвел» компаниясының директоры Алексей Дорош.

Фото: tr-kazakhstan.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: