Лента новостей
0

Шарбақты ауданының тұрғыны 14 млн теңге болған банкоматты пышақпен ашпақ болған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.03.2016 18:15 Zakon.kz
Сотта белгілі болғандай, оның бұл әрекетін куәгерлер көріп қойған.

Шарбақты ауданының соты "Халық банкі" банкоматынан 14 млн. теңге ұрлау әрекеті фактісіне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс материалына сүйенсек, Шарбақты ауылының 24 жастағы тұрғыны Николай Луханин өткен жылдың желтоқсан айында түнгі сағат екіде аудан орталығында серуендеп жүріп, ағаш сабы бар пышақ тауып алған. Бұдан кейін ол осы құрал арқылы банкоматтың ішінде болған ақшалай қаражатты дәлірек айтқанда, 14 015 000 теңгені ұрламақ болған.

Алайда ол банкоматты аша алмаған соң үйіне қайтып кеткен. Сотта белгілі болғандай, оның бұл әрекетін куәгерлер көріп қойған. Бұған қоса, сотталушы өз кінәсін толығымен мойындаған. Банкоматтың бүлінуі 332 960 теңгеге бағаланды.

«Сот Николай Луханинді «аса ірі көлемдегі ұрлық жасауға оқталу» бабы (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлімі; 188-баптың 4-бөлімінің 3-тармағы) бойынша айыпты деп танып, оған мүлкін тәркілеумен бірге шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деді облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Омар Еркін

Фото: radiotochka.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: