«Тұмар-2016» қалалық балалар шығармашылығы көрмесіне 250 оқушы қатысты
М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Тұмар-2016» балалар шығармашылығы қалалық көрмесінің қорытындысы шығарылды. Көрмеге 250 оқушы қатысты. Жас шеберлер коллаж, аппликация, ою-өрнек, мүсіндер, ас үй заттарын жасаған, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Байқау қорытындысы бойынша «Арт-инсталляция» аталымында «Нұр Орда» мектебінің өкілі, 8 жастағы Ахмет Қабдолла үздік атанды.
«Сәндік-қолданбалы өнер» санатында №2 мектеп-гимназиясының оқушысы Айым Қайорғазинова көш бастады. «Макеттер, коллаждар» аталымында №27 мектеп–лицейінің шәкірті Камилл Камаловтың және Елена Кирпичеваның еңбектері ерекше деп танылды.
Ең креативті мүсіннің авторы - №1 математикалық-экономикалық лицейдің оқушысы Ермек Тұрғымбаев.
«Байқау елордада осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Технология сабағы әр мектепте өткізіледі. Балаларға бар үйренгенін көрсететін алаң қажет. Көрмеге ұсынылатын жұмыстардың барлығы ұлттық өнер түрлеріне арналады», - деді М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасары Алмагүл Жапарова.
Фото: astana.gov.kz