Лента новостей
0

65 жасар британиялық азаматша өзі мінген лайнерге жету үшін 3 сағат бойы суда жүзген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.03.2016 15:50 Zakon.kz
Әйелдің суда жүзіп жүргені жағалаудағыларға да көрінбеген болуы керек.

65 жасар Британия азаматшасы порттан шығып кеткен лайнерді қуып жетпек болған. Ол өздері мініп келген кеменің Португалиядағы порттан шығып кеткенін көріп, күйеуі кемеде қалып қойды екен деп, ойланбастан суға секірген. «Marco Polo» атты лайнерді қуып жету үшін Британия азаматшасы салқын суда 3 сағат бойы жүзіп жүрген. Бірақ, кемеге жете алмаған.

Әйелдің суда жүзіп жүргені жағалаудағыларға да көрінбеген болуы керек. Егер жергілікті балықшылар болмағанда бұл оқиға қайғылы аяқталатын ба еді? деп жазады "Қазақстан" ҰТА, gosindex.ru сайтында шыққан мақалаға сілтеме беріп.

Балықшылар әйелді судан шығарып алады. Алайда, оның денесі суыққа әбден тоңып қалған. Кейінірек белгілі болғанындай өзінің жан жары үшін жанкешті әрекетке барған әйелдің ері Португалияны біраз аралап қыдырған соң лайнерге қайтып оралмаған. Ол ұшаққа билет алып Британияға ұшып кеткен.

Олардың арасында бір кикілжің туып, ерлі-зайыптылар ренжісіп қалуы да мүмкін. Ал, суда ұзақ уақыт бойы жүзіп жүрген азаматша әзірге ауруханада денсаулығын түзеуде, деп жазады ресейлік сайт.

Фото:kaztv.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: