Лента новостей
0

Алматыда бензин бағасын көтерген ЖҚБ қожайындары жазаланады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.03.2016 17:25 Zakon.kz
Алып шаһарда пайдаға батқысы келген 15 бекет жетекшісі АИ-92 маркалы бензинді қала бойынша белгіленген қаржыдан орташа есеппен 17 теңге қосып сатқан.

Алматыда 15 жанармай құю стансасының қожайындары бензин бағасын негізсіз көтерген. Осылайша, өзара ауыз жаласқан кәсіпкерлер заңсыз пайда көріпті. Мұны қалалық Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаменті әшкереледі, деп жазады Алматы телеарнасы.

Анықталғандай, алып шаһарда пайдаға батқысы келген 15 бекет жетекшісі АИ-92 маркалы бензинді қала бойынша белгіленген қаржыдан орташа есеппен 17 теңге қосып сатқан. Енді бизнесмендер ірі көлемде айыппұл төлейді. Оның көлемі 140 миллион теңгеден асып жығылады.

"Бұл 15 нарық субъектісінің ішінде "Royal Рetrol", "Газпромнефть", "Аравана", "Ағатай" сияқты жауапкерлшілігі шектеулі серіктестіктер және "Петрокоммерц" АҚ бар. Ұсақ жеке кәсіпкерлер",- деді ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Алматы қаласы бойынша департаменті бөлімінің жетекшісі Динара Мұқаева.

Фото:almaty.tv

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: