Лента новостей
0

Мектеп оқушысы математика ғылымына жаңалық енгізді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.03.2016 18:25 Zakon.kz
Математика ілімінде жаңалық ашқан жас өрен

Қызылордалық Әбілпәсім Ләтіш геометриялық фигураларды зерттеп, екі бірдей математикалық теңдеу ойлап тапты. Бұл жобамен Әбілпәсім математика мен механика бойынша зерттеу жұмыстары Халықаралық байқауында топ жарып, 1-ші орынға ие болды. Болашақта атақты ғалым, академик атанып, Қазақстанның беделін асқақтатуды мақсат тұтқан зияткермен өңірдегі тілшіміз Жанғали Ысқақ кездесіп, тілдесіп қайтты, деп жазады «Қазақстанның бірінші арнасы».

Әбілпәсім Ләтіш Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы. Математика пәнін аса сүйетін 17 жастағы бойжеткен халықаралық байқауды шыдамсыздана күткен болатын. Ол циклоидалаларды 17 ғасырда алғаш ашқан Галилео Галилейдің математикалық моделдерін негізге алып, жаңа теңдеуді құраған. Оқушы бұл жетістік болашақта біршама салада қолданылып, ғылым әлемінде жаңа серпіліс тудыртатына сенімді.

ӘБІЛПӘСІМ ЛӘТІШ, 12-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Қазақстанда ЭКПО-2017 көрмесінің болып жатуына байланысты бұл саланың біз үшін маңыздылығы арта түсті. Менін ойымша архитекторлар мен инженерлер белгілі бір сызба дайындауда көп ойланады. Менің ойымша менің кескіндерімді пайдалану арқылы олар тың идеяларды, яғни ғимарат сызбаларын тезірек дайындай алады деп ойлаймын.

Циклоиданың мұндай жаңа түрі бұрын сонды болған емес. Оған қазіргі заманауи технологияның болмауы себеп. Бұл қисықтарды қолмен сызу қиын болғандықтан, компьютерлік техниканы пайдалана отырып, теңдеуді келешекте робототехникада да пайдалануға болады екен. Сол себепті зияткердің ғылыми жетекшісі болашақта Әбілпәсімнен зор үміт күтетінін жасырмайды.

СӘКЕН СҮЛЕЙМЕНОВ, ЗИЯТКЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ

Әбілпәсім осы ғылыми жұмыспен бір жылдан астам уақыт айналысты. Атап айтатын болса қиыншылықтар да болды, бірақ, ол қиыншылықтарды өзінің еңбегінің арқасында, менің тарапымнан ақыл-кеңестер, мотивация беріп отырдық, сонын арқасында жеңе білді.

ӘБІЛПӘСІМ ЛӘТІШ, 12-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Өз жұмысымды математика мен физика саласында жалғастыруды көздеп отырмын. Ол үшін дәл қазіргі мақсатым өзім қалаған жоғарғы оқу орына түсу болып табылады. Халықаралық жобадан алған сертификат пен дипломымды өзім қалаған жоқарғы оқу орындарына хат ретінде жіберіп қойдым.

Болашақта академик атануды армандайтын Әбілпәсімге жоғарғы оқу орындары қызығушылық танытатыны сөзсіз. Ал, әзірге болашақ ғалым өзінің ойлап тапқан теңдеуін патенттеу жұмыстарымен айналасуды көздеп отыр.

Фото: zhambylnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: