Лента новостей
0

Алматыда қаруын дер кезінде өткізбеген азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.03.2016 19:22 Zakon.kz
Жыл басынан бері азаматтар 93 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды. 

Алматыда қаруын дер кезінде өткізбеген азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 32 қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық деректер бойынша ҚР ҚК 287-бабының 2-бөліміне сәйкес азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 22 дерек бойынша іс материалдары өндірісте жатыр. Жыл басынан бері азаматтар 93 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды. Мерзімінен кешігіп тапсырғаны үшін аталған азаматтар ҚР ӘқК 486-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді қалалық ІІД анықтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Шәріпов.

Оның айтуынша, өткен жылы қаңтарда басталған акция барысында қала тұрғындарынан 17 мың қару тапсырылған.

Полиция өкілі қаруды өз еркімен тапсырған жағдайда тұрғындарға қатысты әкімшілік іс қозғалып 5 АЕК, яғни 10 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлейтінін айтты.

Ал қару тәркіленген жағдайда оларға 2 000 АЕК мөлшерінде айыппұл және 1 жылға бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр.

Гүлмира Ғосманәли

Фото:inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: