Қазақстандық 8 боксшы Қытайдағы лицензиялық турнирдің ширек финалында бақ сынайды
Бүгін Азия және Мұхит елдері аймағы боксшылары арасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына лицензиялық турнирдің ширек финалдық додасы өтеді.
Цзиньяньдағы рингке қазақстандық бокс мектебінің 8 өкілі (алты ер адам мен екі әйел) шығады, деп хабарлайды Қазақстандық бокс федерациясына сілтемемен sports.kz.
Ширек финалдар:
Күндізгі сессия, басталуы Астана уақытымен сағат 12:00-де.
Ринг А:
5-ші жұп. 81 келі - Әділбек Ниязымбетов - Алаа Элдин Госсоун (Сирия)
11-ші жұп. 60 келі - Назым Ищанова - Йин Джинхуа (Қытай)
Ринг В:
1-ші жұп. 64 келі - Абылайхан Жүсіпов - Дэвид Биддл (Австралия)
5-ші жұп. +91 келі - Иван Дычко - Патрик Майлата (Жаңа Зеландия)
13-ші жұп. - 75 келі - Дариға Шәкімова - Эрденетуя Энхбаатар (Моңғолия)
Кешкі сессия, басталуы Астана уақытымен сағат 17:00-де.
Ринг В:
2-ші жұп. 52 келі - Олжас Сәттібаев - Инку Ким (Корея)
6-шы жұп. 56 келі - Қайрат Ералиев - Центбаатар Ерденебат (Моңғолия)
9-шы жұп. 75 келі - Жәнібек Әлімханұлы - Ильяр Ахметов (Қырғызстан).
Фото:inform.kz