Лента новостей
0

Алексей Полторанин қазақстандық шаңғышылардың арасында үздік болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.03.2016 20:51 Zakon.kz
Республикалық біріншілікке барлығы 10 аймақ қатысты. Астананың атынан небәрі бір қатысушы - 24 жастағы Марк Старостин шықты.

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында ҚР-ның шаңғы жарыстары бойынша чемпионаты аяқталды. Халықаралық жарыстардың талай рет жеңімпазы мен жүлдегері, Олимпиада ойындарына үш рет қатысқан Алексей Полторанин туған қаласында ерлер арасында классикалық стильмен жарысуда үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл спорт түрінен әйелдер арасында бірінші орынды ШҚО-ның тағы бір өкілі Елена Коломина алды.

Сондай-ақ спринт, скиатлон, эстафета және командалық спринтте жарыстар өтті. Ерлер мен әйелдерден басқа елдегі үздіктер атағына жастар да таласты.

Жарыс қорытындылары бойынша, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысы алды. Ол табанды күресте жарыста екінші орынды алған Ақмола облысының спортшыларынан небәрі 39 ұпай көп жинады.

1. ШҚО - 2724 ұпай;

2. Ақмола облысы - 2685 ұпай;

3. Қостанай облысы - 1575 ұпай.

Республикалық біріншілікке барлығы 10 аймақ қатысты. Астананың атынан небәрі бір қатысушы - 24 жастағы Марк Старостин шықты.

Фото:egemen.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: