Лента новостей
0

Д.Ақышев:Қазақстанда шетел валютасына сұраныстың айтарлықтай төмендеуі байқалады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.03.2016 19:47 Zakon.kz
ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша ұлттық валютадағы депозиттер ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда 307,6 млрд. теңгеге (6,2%), оның ішінде халықтың депозиттері – 96,0 млрд. теңгеге (6,7%) ұлғайды.

Қазақстанда халық тарапынан шетел валютасына сұраныстың айтарлықтай төмендеуі байқалады – ҚР ҰБ Төрағасы Данияр Ақышев бүгін «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңаша көзқарас» атты Ұлттық форумда сөйлеген сөзінде осындай үрдіс туралы хабарлады. Бұл туралы zakon.kz, банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп жазады.

Мәселен, Ұлттық Банктің деректері бойынша, ағымдағы жылғы қаңтарда айырбастау пункттерінде халық 213 млн доллар сатып алды. «Ақпанда үрдіс күшейді. Басымдық теңгенің пайдасына ауысып, халық шетел валютасын сата бастады. Алғашқы рет соңғы 10 жылда халықтың шетел валютасын таза сатуы байқалды, оның көлемі ақпанда 277 млн. доллар болды. Бұдан әрі біз осы үрдістің күшеюін күтеміз», - деп хабарлады Д. Ақышев.

ҚР ҰБ басшысы келтірген деректерге сәйкес, «ақпанның және наурыздың бірінші жартысының қорытындылары бойынша ұлттық валютадағы депозиттер үлесінің өсуі байқалады, яғни долларсыздандыру процесі нақты ауқымға ие болып отыр». ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша ұлттық валютадағы депозиттер ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда 307,6 млрд. теңгеге (6,2%), оның ішінде халықтың депозиттері – 96,0 млрд. теңгеге (6,7%) ұлғайды.

Фото: kaztv.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: