Лента новостей
0

Қазақстан республикасында корпоративтік басқару практикасы кеңінен қолданылмады – Ақышев

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.03.2016 20:16 Zakon.kz
Акциялар нарығында жеке өнеркәсіптік компаниялардың үлесі 4%-дан аспайды.

Корпоративтік басқаруды классикалық тұрғыдан қолдану практикасы негізінен қаржы ұйымдарымен және квазимемлекеттік сектормен шектеледі. Осындай пікірді бүгін «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңаша көзқарас» атты Ұлттық форумда ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев білдірді, деп хабарлайды zakon.kz, ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

«Басқа бағыттарда, жүйе құраушы, инвестициялық тартымды және коммерциялық пайдалы компаниялар бар жерлерде де корпоративтік басқару қағидаттары кеңінен таралған жоқ», - деді Д. Ақышев.

ҚР ҰБ басшысы «Қазақстанда бүгінгі күні 2 347 акционерлік қоғам тіркелді, олардың ішінде 85-і листингтік болып табылады» – деп хабарлады. Д. Ақышев «акциялар нарығы салалық құрылым бойынша квазимемлекеттік сектордан энергетикалық компаниялармен және қаржы ұйымдарымен басым түрде көрсетіледі. Акциялар нарығында жеке өнеркәсіптік компаниялардың үлесі 4%-дан аспайды» – деп хабарлады.

«Бұл ретте Қазақстанда «өнеркәсіп» саласы бойынша, оның ішінде өндіру және қайта өңдеу секторынан 2981 компания тіркелген, олардың ішінде 63 акционерлік қоғам нысанында жұмыс істейді», - деп қорытындылады ол.

Фото:ortcom.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: