Лента новостей
0

Тоғжанов:«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағыты аясында 5 пункт жүзеге асырылуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.03.2016 22:55 Zakon.kz
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстан xалқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағыты бойынша 33 нормативтік акті қабылданды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстан xалқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.

Оның сөзі бойынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағыты аясында қазіргі таңда 5 пункт жүзеге асырылу кезеңінде.

2015 жылдың соңында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары негізінде қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекітті. Қоғамдық сананы қайта қалыптастыру және бүкілқазақстандық мәдениетті нығайту тұрғысынан жетекші рөл Қазақстан халқы Ассамблеясына беріледі.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында бірлік пен біртектілікті қалыптастыру мақсаттары қойылған. Ол мақсат бірнеше бағыт бойынша дамытылады. Бүгінде осы бағытта 33 нормативтік акт қабылданды. ҚР Парламент деңгейінде 5 ірі заңға қол қойылды. Мемлекет Басшысының 5 Жарлығы мен Үкіметтің 12 Қаулысы қабылданды және бүгінде жүзеге асырылуда», - деп атап өтті Е. Тоғжанов.

«Бұл реформалар Қазақстан xалқы Ассамблеясы негізінде іске асады. Себебі, елдің бірлігі әрқашанда тәуелсіздіктің тірегі болып қала береді. Ол - ел дамуының негізгі құндылықтарының бірі. Егер 30 дамыған елдің қатарына енуге талпынатын болсақ, еліміздің туын жоғары көтеріп, экономикалық-әлеуметтік сұрағын да шешеміз дейтін болсақ, алдымен қоғамдық келісімді, еліміздің тұрақты дамуын тікелей қамтамасыз етуіміз керек»,-деді ол.

Фото:kaztv.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: