Лента новостей
0

Түркияда лаңкестікке қарсы операцияда 20-дан астам содыр қаза тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.03.2016 16:45 Zakon.kz
Бірер күн бұрын басталған әскери іс-қимылдар барысында «Күрдістан жұмысшылар партиясының» 23 содыры жер жастанған.

Түркияның оңтүстік-шығысында жүргізілген лаңкестікке қарсы арнайы операция кезінде 20-дан астам содырдың көзі жойылды. Түркия бас штабының мәлімдеуінше, сепаратистік ұйымның 5 мүшесі қаза тапқан, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Оған қоса бірер күн бұрын басталған әскери іс-қимылдар барысында «Күрдістан жұмысшылар партиясының» 23 содыры жер жастанған. Бұған дейін Түркия Ішкі істер министрі елдің оңтүстік-шығысындағы 7 ауданда тәулік бойына коменданттық сағаттың енгізілгенін хабарлаған. Жалпы «Күрдістан жұмысшылар партиясына» қарсы лаңкестік операция Хаккари провинциясында, Шырнақ қаласында және Нусайбин провинциясында жүргізіліп жатыр. 2015 жылы басталған Үкімет пен «Күрдістан жұмысшылар партиясының» қақтығысы салдарынан 5 мыңға жуық содыр мен 350-ден астам полиция қызметкері қаза тапқан.

Фото:24.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: