Лента новостей
0

Қызылордада ақбөкен аңының мүйіздерін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.03.2016 22:08 Zakon.kz
Қазіргі таңда, аталған 3 дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында 2016 жылғы 29-31 наурыз аралығында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері рейдтік шолу жұмыстарын жүргізді. Шараның 2 күнінде ҚР Үкіметі қаулысымен қорғалатын ақбөкен аңының дериваттарын тасымалдаудың 3 дерегі анықталып, қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz, Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Атап айтқанда, наурыз айының 29 күні сағат 15.00 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолының 95 шақырымында Жалағаш ауданының 25 жасар тұрғынының басқаруындағы «Daewoo-Gentra» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Көліктің ішіне қарау жүргізу барысында, жүксалғыштан киік мүйізі бар сөмке анықталды. 4 дана киік мүйізі айғақ зат ретінде алынып, тәркіленді, аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Дәл осындай дерек 30 наурыз күні де орын алған.  Яғни, кешкі сағат 17.10 шамасында полиция қызметкерлері Қызылорда-Павлодар тас жолының 12 шақырымында күдік тудырарлық ГАЗ – 3110411 маркалы автокөлігін тоқтатады. 1976 жылы туылған қала тұрғынының автокөлігіне қарау жүргізу барысында жүксалғыштан киік аңының мүйізіне ұқсас 6 дана мүйіз анықталды. Айғақ зат тәркіленіп, оқиға орнына ҚІІБ-нің жедел-тергеу тобы шақыртылып, тиісті жұмыстар атқарылды. 

Сонымен қатар, 1 сағат уақыт өткеннен кейін дәл осы аумақта экологиялық заңнамаларды бұзудың тағы бір қылмыстық фактісі тіркелді. Яғни, 1983 жылы туылған қала тұрғынының басқаруындағы «Мазда-626» маркалы автокөлігі тоқтатылып, автокөлікке қарау жүргізу барысында көліктің жүксалғышынан 10 дана киік аңының мүйіздеріне ұқсас мүйіздер анықталып, айғақ зат ретінде алынды.

Қазіргі таңда, аталған 3 дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де, азаматтардың кінәсі толық дәлелденген жағдайда, олар өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтiн жерлерін жойғаны үшін үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.




Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: