Лента новостей
0

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға қатысқан 30 компания салық төлеуден жалтарған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.04.2016 15:37 Zakon.kz
Мәселен, мектеп пен аурухана құрылысын қолға алған компаниялардың 87 пайызында салық жүктемесі тым төмен.

«Нұрлы жол» мемлекетік бағдарламасын іске асыруға қатысқан 30 компания салық төлеуден жалтарған. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіндегілер мәлімдеді. 8 бағыт бойынша 434 салық төлеуші тексерістен өткен. Нәтижесінде салықтық жүктемелері тым төмен бас мердігерлер анықталды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Мәселен, мектеп пен аурухана құрылысын қолға алған компаниялардың 87 пайызында салық жүктемесі тым төмен. Көп жағдайда жұмысшылары мен мүлкі, тіпті заңды мекен-жайы жоқ жалған кәсіпорындар кездескен. Сол жауапсыз салық төлеушілер барлық жерде мемлекеттік сатып алуларға қатыса берген. Мұндай жүйе салықты азайтып көрсетіп, жұмысты қымбаттатуға әсер етеді.

Серік Айсин, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті аудит басқармасының басшысы:

Салық төлеуші заң бойынша тауар мен қызметті жеткізуші үшін жауап бермейді. Мемлекеттік кіріс органдары мен әкімдіктер бас мердігерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіді.

Мөлдір Бақытқызы

Фото:www.realestate.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: