Лента новостей
0

Биыл еліміздегі 20 тарихи ескерткіш қалпына келтірілмек

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.04.2016 17:22 Zakon.kz
Өткен жылы елімізде барлығы 33 ескерткіш қалпына келтірілді. Ал биыл 20 тарихи ескерткішті қалпына келтіру жоспарланып отыр

Биыл еліміздегі 20 тарихи ескерткіш қалпына келтірілмек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аяқталғанымен, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары Мәдениет және спорт министрлігінің стратегиялық жоспары аясында жалғасып келеді. Мәселен, өткен жылы елімізде барлығы 33 ескерткіш қалпына келтірілді. Ал биыл 20 тарихи ескерткішті қалпына келтіру жоспарланып отыр», - дейді А.Райымқұлова.

Оның айтуынша, ата-бабамыздан қалған бай мұраны сақтап қалу үшін министрлік шетелдік сарапшылармен де жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, 2015 жылы күзде министрліктің арнайы шақыртуымен халықаралық ИКОМОС хатшылығы арқылы АҚШ, Бельгия, Испаниядан келген сарапшылар Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің техникалық жай-күйін зерттеп, ескерткішті сақтау жөнінде ұсыныстарын жасады.

«Сондай-ақ, биыл наурыз айында ИКОМОС хатшылығымен жасалған келісім негізінде осы ұйымның тарихи-мәдени ескерткіштер жөніндегі сарапшысы, Мәскеу архитектуралық институтының профессоры Бүкіләлемдік мұра ескерткіштері бойынша консультативтік миссиямен келіп кетті», - дейді ол.

Фото: inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: