Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылуда
Zakon.kz
Ұйымға кірген кәсіпкерлердің ісі ілгерілеп, жұмысы жүйеленеді.
Шығыс Қазақстан облысындағы шаруалар ірі кооперативтерге бірігіп жатыр. Себебі, ұйымға кірген кәсіпкерлердің ісі ілгерілеп, жұмысы жүйеленеді, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.
Төрт түлікті өсіріп отырған ауылдағы ағайын сүт және ет өндірісін еселеу үшін күш біріктірудің маңызы зор дейді.
Ұлт жоспарының 60-қадамында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару үшін елді мекендерде кооперативтер құру қажеттігі айтылған. Осы мақсатта біріккен шаруашылықтарға мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлінеді.
Берік Көшербай
Фото:www.inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript