Лента новостей
0

Алматыда мүгедектерге жағдай жасамаған ғимарат иелері жазаланады

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.04.2016 17:12 Фото: zakon.kz
Жеке тұлғаға 50 айлық есептік көрсеткіш, ал шағын кәсіпкерлік субьектісіне - 120, орта бизнес өкілдеріне - 200 және ірі кәсіп иелеріне 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Алматы қаласының әкімдігі мен мүгедектер ұйымы қаладағы нысандарға тексеру жүргізді. Нәтижесінде Алматыдағы әлеуметтік маңызы бар ғимараттардың өзі мүмкіндігі шектеулі жандарға икемделмепті, деп жазады Алматы телеарнасы.

Тексеру тобы әуелі №5 клиникалық ауруханаға барды. Мұнда дәл емхана алдында пандус пен кембағалдарға дәретхана қарастырылған. Бірақ өте ыңғайсыз салыныпты. Ал жеделсаты болса, атымен жоқ. Оған қоса саңырауларға, зағиптарға арналған криптографиялық белгілер қойылмаған. Ал мүгедектерге қажетті терапевт, окулист сынды мамандар екінші қабатта қабылдайды. Зағиптарға кабинеттердің нөмірлері, дәрігерлердің аты-жөні жазылған тақтайшалар қойылмапты. Аталған олқылықтарды аурухана басшылығы 2 аптаның ішінде жөнге келтіруге уәде берді. Осыдан кейін тексеру тобы Республика сарайына бас сұқты. Қаланың ең бетке ұстар ғимаратының өзі күрделі жөндеуден өтсе де, кемшіліктері бар екендігі анықталды. Ең сорақысы сол, мүгедектерге дені сау адамдармен бірге кассадан билет алу да мүмкін емес болып шықты."Мүгедектердің мүмкіндігі шектеулі болғанымен, құқығы бәрімен тең. Сондықтан, біз де елмен бірге концерт тамашалап, ем қабылдағымыз келеді",-дейді Әли Аманбаев.

"Өзіміздің кең сарай дейміз ғой. Үлкен-үлкен іс-шаралар өтетін жер. Өкінішке қарай, бейімделмей шығып отыр. Әртістер шақырып отыр. Мен келе алмадым. Өйткені көрдіңіз жаңа. Мүмкіндігі шектеулі жандарға отыратын жер жоқ. Шетелдің тәжірибесін енгізейік десек, ешкім құлақ асып жатқан жоқ. Біздің шаруа емес, біз тек арендаға, жалға береміз де, ақшасын аламыз дейді",- деді Қазақстан мүгедектері ұйымдары одағының төрағасы Әли Аманбаев.

Бұл тексерісті мамандар жыл бойы жалғастырмақ ниетте. Өйткені жекенің қолындағы нысандардан бұрын, мемлекеттік және әлеуметтік ғимараттардың өзі мүгедектерге мүлде икемделмеген. Енді ғимарат иелері мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасамаса, жазаланады. Жеке тұлғаға 50 айлық есептік көрсеткіш, ал шағын кәсіпкерлік субьектісіне - 120, орта бизнес өкілдеріне - 200 және ірі кәсіп иелеріне 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Олқылықтың орны 1 жыл ішінде түзелмесе, салынатын айыппұл көлемі артады.

Фото: almaty.tv

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: