Лента новостей
0

ЭЫДҰ Қазақстанмен мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.04.2016 18:59 Zakon.kz
Қазақстан мен ЭЫДҰ тығыз ынтымақтастық орната алды. Мұнда мемлекеттік қызметті реформалауға ынтамен кірісетін адамдар байқалуда.

Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мемлекеттік қызмет саласында тығыз ынтымақтастық орната алды, деп мәлімдеді мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік Хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz таратқан ресми ақпаратқа сүйеніп жазады.

«ЭЫДҰ әлемнің дамыған 34 экономикасын біріктіреді, әлбетте ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі мен мемлекеттік басқару директорлары реформаны іске асырып жатқан барлық аймақтық елдер үшін маңызды болып келеді. Біздің жасап жатқан ынтымақтастығымыз елдің игілігіне жұмыс істейді деп сенеімз», - деді ол елордамызда өткен Астана қаласында мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік Хаб пен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық туралы хат алмасудың ресми салтанаты барысында.

Өз кезегінде, ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және аумақтық даму директоры Рольф Альтер мемлекеттік қызмет азаматтар мен бизнес қауымдастыққа үздік қызметтер ұсыну үшін қажет екенін баса айтты.

«Қазақстан мен ЭЫДҰ тығыз ынтымақтастық орната алды. Мұнда мемлекеттік қызметті реформалауға ынтамен кірісетін адамдар байқалуда. ЭЫДҰ осы саладағы оң тәжірибені және озық практикаларды тек Қазақстанға ғана емес, көршілес елдерге де ұсына алады», - деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, 2015 жылдың қыркүйек айынан кейін тұрақты даму мақсаттары жарияланған соң «әлем бірыңғайланған және жалпыға» айналды.

«Осы мақсаттарда мемлекет дамып, табысты болуы үшін оған жақсы үкімет пен сапалы кәсіби мемлекеттік қызмет қажет. Қазақстан БҰҰ тұрақты дамуының осы мақсаттарын жариялағанға дейін жұмысты бастады. Қазақстан бізге жақсы серіктес болды», - деп атап өтті Р.Альтер.

Фото: egemen.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: