Екібастұз қаласында өрт сөндірушілер ер адамның денесін тапты
Zakon.kz
80 шаршы метр аумағын алған тілсіз жау таңғы сағат бесте өшірілді.
Екібастұз қаласы Б.Жырау көшесі, 231 үйінде шыққан өрттің салдарынан 63-жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
« Өрт кеше түнде шықты. 80 шаршы метр аумағын алған тілсіз жау таңғы сағат бесте өшірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 11 адам және "Өрт сөндіру мен апаттық-құтқару қызметі" ТЖБ ММ-нен екі техника бірлігі жұмылдырылған», - деді ТЖБ баспасөз-қызметі хабарлады.
Фото: www.kstnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript