Лента новостей
0

Бас прокуратура үлескерлер ақшасын заңсыз иемденіп,іздеуде жүрген адамды елге қайтарды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.04.2016 17:49 Zakon.kz
Қазіргі уақытта Әлімбетов Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды, тергеуді Астана қаласының ІІД жүргізуде.

Бүгін Бас прокуратураның қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен,ҚР ҚК 176-бабының 3-бөлігі «б»-тармақшасы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеудегі 45-жасар Мирхат Әлімбетовті Біріккен Араб Әмірліктерінен Астанаға жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz, Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Әлімбетов «Какаду» ЖШС-нің негізін қалаушысы және директоры бола отырып, Астанада 2005-2008 жылдар аралығында «Қыпшақ» тұрғын-үй кешенін салу барысында 397 043 330 теңге сомасында салымшылардың ақшасын және 434 541 991 теңге сомасында мемлекеттік қаражатты заңсыз иемденгені үшін айыпталуда.

Ол 2012 жылы Дубай қаласында анықталды. А.ж. 4 сәуірінде БАӘ құқық қорғау органдары айыпталушыны Қазақстанға беру туралы шешім шығарды, бұл біздің елдер арасындағы әрекет етуші Беру туралы шарттың негізінде қабылданды.

Қазіргі уақытта Әлімбетов Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды, тергеуді Астана қаласының ІІД жүргізуде.

Бас прокуратура қылмыс жасағаны үшін шетелде жасырынып жүрген Қазақстан азаматтарын экстрадициялауға бағытталған жұмыстарды жүргізуде. Шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен жасырынып жүрген қылмыскерлерді қайтару және жасалған қылмыстары үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша белсенді ынтымақтастық орнатылған.

Соңғы бес жыл ішінде осы жұмыс аясында Қазақстанға 349 адам берілді, 100-ден астам сұраныстар шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен қарастырылуда.

Қадағалау органы Қазақстан азаматтарының шет елдерден берілуіне қол жеткізуде, мысалы, тек соңғы екі жыл ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінен 8 адам берілді, сондай-ақ Испания, Португалия, Румыния, Швеция, Болгария, Германия және Финляндиядан да адамдар берілген болатын.

Фото: prokuror.gov.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: