Лента новостей
0

ОҚО-да 80 адамды кене шағып алған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.04.2016 21:59 Zakon.kz
Кене адам иісін 3-5 метр жерден сезіп, мойынға, төске, шат қатпарларына жабысады. Бұл жағдайда науқастың дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, құсқысы келеді. Аяқ-қолының бұлшықеттері сыздап, ауыра бастайды.

Жыл басынан бері оңтүстік өңірде 80 адамды кене шағып, дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған. Олардың басым бөлігі балалар. Бұл туралы облыстық тұтынушылардың құқын қорғау департаментінің мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды Bnews.kz.

Күн жылыған сайын кенелер тіріліп, адамдарды шағу деректері жиілеп кеткен. Әсіресе, Шымкент қаласы мен Ордабасы аудандарында кене шағу фактілері көп тіркеліпті. Халықтың басым бөлігі табиғат аясында серуендеуге шыққанда немесе саяжай маңайын аралау кезінде зардап шеккен. Мұны мамандар растап отыр.

«Жыл басынан бері кене шаққан адамдардың қатары көбейген. Бұл эпидемиялогиялық жағдайға байланысты. Әсіресе, жастар серуенге шыққанда абай болғандары жөн», - дейді Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Балкүміс Мұсаева.

Ал кенеден келетін кесел аса қатерлі. Соның салдарынан пайда болатын қырым қанды безгегі кісі өліміне соқтыруы мүмкін. Десе де дәрігерлер сақтанған жағдайда, қауіпті аурудың алдын алуға болатынын айтады. Осыған байланысты олар көшеде жүрген жұртқа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындарды кенеден сақ болуға шақырып, қауіпті індеттің алдын алуға кеңес береді.

Өңірде қауіпті жәндікке қарсы дәрілеу жұмыстары биыл әлі басталмаған.

«Кене шақты деп келген науқастың барлығы дәрігерлердің қатаң бақылауында. Әзірше аймақта эпидемиялық жағдай тұрақты. Жәндік шаққандардың ешбірінен қауіпті вирус анықталмаған. Тиісті зерттеу жұмыстары жалғасуда», - дейді бас маман Б.Мұсаева.

Айта кетейік, кененің белсенділігі сәуір айынан шілденің ортасына дейін байқалады. Олар адам иісін 3-5 метр жерден сезіп, мойынға, төске, шат қатпарларына жабысады. Бұл жағдайда науқастың дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, құсқысы келеді. Аяқ-қолының бұлшықеттері сыздап, ауыра бастайды. Вирустың берілуін тоқтату және жұқтырудың алдын-алу үшін жабысқан кенені мүмкіндігінше тез алып тастау керек. Қорғалмаған қолмен кенені ұстау қауіпті екенін де естен шығармаған жөн. Кене шаққан жағдайда дереу дәрігерге қаралған абзал.

Айнұр Ақбаева

Фото:www.vkzozh.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: