Лента новостей
0

Қазығұрт ауданына жаңа әкім тағайындалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.04.2016 22:47 Zakon.kz
Т.Т. Телғараев 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы – инженер-механик, экономист-қаржыгер.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Қазығұрт аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Қазығұрт ауданының әкімі лауазымына Төлеген Тұртайұлы Телғараев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Т.Т. Телғараев 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы – инженер-механик, экономист-қаржыгер.

Еңбек жолын 1990 жылы Шымкент автокөлік кәсіпорынның құрылыс ауласының бетоншысы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді

1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық жекешелендіру комитеті мемлекеттік акция пакеттер және мемлекеттік қатысу үлесі бөлімінің бас маманы лауазымында бастаған. 2004-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншік департаменті жалға беру және жекешелендіру бөлімінің бастығы, осы облыстың қаржы департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті еңбек рыногы және квоталау бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2008 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы

Қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етіп келді. 


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: