Лента новостей
0

Индонезияда улы жылан шағып алған әнші сахнада жан тапсырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.04.2016 16:36 Zakon.kz
The Daily Mail жазғандай, оқиға Батыс Ява провинциясы Караванг елді мекенінде орын алды. Бьюл абайсыздан корольдік әбжыланның құйрығын басып кетіп, оны жылан шағып алған.

Әбжыландармен шоу ұйымдастырумен айналысатын индонезиялық әнші Ирма Бьюл жылан шаққаннан кейін сахнада ажал құшты, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА, Лента.ру жариялаған мақалаға сілтеме беріп.

Кобра 29 жастағы әншіге концерт уақытында шабуыл жасаған, оның тістегеніне қарамастан, әнші тағы 45 минут ән салған. Кейін бойына у тараған соң Бьюлдің құсып, сіңірі тартылып жатқан сәтін және оның сахнада құлағанын өнеріне табынушылар видеоға түсіріп алған.

The Daily Mail жазғандай, оқиға Батыс Ява провинциясы Караванг елді мекенінде орын алды. Бьюл абайсыздан корольдік әбжыланның құйрығын басып кетіп, оны жылан шағып алған. Әншіні ауруханаға жеткізді, алайда онда дәрігерлер өнер иесінің қайтыс болғанын хабарлады.

Полиция Бьюл өліміне қатысты тергеу амалдарын бастады.

Фото: www.zoopicture.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: