Қостанайда қарғын су салдарынан 15 адам эвакуацияланды
7 сәуірге қараған түні құтқару қызметі Қостанай-2 шағын ауданынан 15 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Олардың баспанасын су басты, сондай-ақ тұтастай шағын ауданды су басу қаупі болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қостанай қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тұрғын үйлерді су басуының алдын алу мақсатында ТЖД, ІІД, жергілікті полиция қызметі, жергілікті атқарушы орнандар, мердігер ұйымдар және 6697 ә/б тарапынан 200 адам, 35 бірлік техника тартылды. Сондай-ақ, осал тұстарды күшейту үшін 3000 қап құм жеткізіліп төселді. Оның көмегімен «Нагорная канава» су өткізу құрылымы күшейтілді.
«Шағын ауданды су басуына жол берілмеді, - делінген хабарламада. - Еріген су дала жақтан ағып келіп жатыр. Жапа шеккендер жоқ. Су басу қаупі бар аймақтағы үйлерден 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың 7-еуі ересек адам, 8-і бала. Олар Әлеуметтік қызмет көрсету бойынша Қостанай аумақтық орталығына орналастырылды
Фото: inform.kz