Лента новостей
0

ОҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.04.2016 17:03 Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппараты басшысы лауазымына Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппараты басшысы лауазымына Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Еркеғали Амантайұлы 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің бөлім бастығы, Тауарлар нарығын мониторингілеу басқармасы бастығы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы бастығы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2013 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарып келді.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: