Лента новостей
0

Қазақстан мен Иран 1 млрд долларға келісімдер жасады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.04.2016 20:53 Zakon.kz
Қазақстан мен Иран Тегеранда өткен іскерлік кеңестің қорытындылары бойынша шамамен 1 млрд доллар сомасына 50 келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Тегеранда ұйымдастырушы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі болып табылатын қазақстандық-ирандық іскерлік кеңестің отырысы өткізілді. Отырыс Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Иран Ислам Республикасына сапары шеңберінде болып өтті. Іскерлік кеңестің жұмысына Қазақстан мен Ираннан 200-ден астам компания қатысты, деп хабарлайды zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

«Іс-шараның қорытындылары бойынша екі елдің бизнесмендері шамамен 1 млрд доллар сомасына ынтымақтастық туралы 50 келісімге қол қойды. Соның ішінде 304 млн доллар сомасына 9 құжатқа «Бәйтерек» холдингінің тобы мен оның әріптестері қол қойды», - делінген ұлттық холдинг хабарламасында.

Қол жеткізілген уағдаластықтардың ішінде – Иранға ауыл шаруашылығы мен машина жасаудың өнімін жеткізуге экспорттық келісімшарттар, химия және мұнай химиясы саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру және т.б.

«Қазақстан экономикасына ирандық компаниялардың инвестицияларын көздейтін бүгінгі күні қол қойылған келісімдер ирандық компаниялар үлкен прогреске жеткен салалардан болып табылатынына біз қуаныштымыз. Өткен іскерлік кеңесте әуе бағыттары бойынша жеке мәселе көтерілген болатын. Барлық айтылған мәселелерді біз Қазақстан Үкіметіне жеткіздік. Көлік қатынасының проблемалары жақын арада шешіледі. «Эйр Астана» Қазақстан мен Иран арасында жаңа бағыттарды ашып жатыр. Бұл бізге сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз», - деп атап өтті «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.

Инвестициялардың көлемі бойынша ең ірі келісімдердің бірі – «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен ирандық «Каве Индастри Групп» компаниясы арасындағы құны 200 млн доллар Қызылорда облысында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу жөніндегі келісім.

Осы қазақстандық-ирандық жоба Қызылорда қаласындағы шыны зауытын салу жобасының жалғасы болады деп күтіледі. Жақын арадағы перспективада тараптар кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кіріседі.

Ауыл шаруашылығы өнімінің импорты мен экспорты саласында келісімдердің ауқымды топтамасына қол қойылды. Атап айтқанда, «Бәйтерек» холдингінің бірқатар қазақстандық әріптес-компаниялары ет және дәнді дақылдар өнімінің экспорттық жеткізілімдері туралы уағдаласты. «Контитент трейдинг» компаниясы Иранға 30 млн доллар сомасына ет пен тоңазытылған жартылай фабрикаттарды экспортқа шығарады.

«Ұлттық чемпион» қазақстандық «Alageum electric» компаниясы Иранға трансформаторлар мен трансформатор майын жеткізуге ирандық «Niroo Nransfo Co.» компаниясымен келісім жасасты.

«Бәйтерек» холдингінің басшысы Қ.Бишімбаевтың айтуы бойынша қазақстандық компаниялар теміржол қатынасын дамыту саласына да үлкен қызығушылық білдірді.

Осы салада «Исткомтранс» ЖШС компаниясы ирандық Railway transportation S.A. әріптесімен 25 млн доллар сомасына теміржол жүк тасымалдарын ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізе алды.

Іскерлік кеңестің барысында 70 млн доллар сомасына кейіннен көмірсутектердің технологиялық және коммерциялық есеп алудың жүйелерін жеткізу мақсатында Иранның аумағында бірлескен кәсіпорынды құру бойынша қазақстандық «Топан» ЖШС мен ирандық «Электро Кавир» компаниясы арасында келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, Алматы облысында қуаты 50 мВт күн электр стансасын салу бойынша жобаның құрылысын салу мен оны іске асыру туралы келісім жасалды.

Фото:www.mid.gov.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: