Алтай тауынан көне түркі тайпасына тиесілі мумия табылды
Археологтар Моңғолияға қарасты Алтай тауының 2 мың 800 метр биік шыңдарының бірінен VI ғасырда жерленген мумия тапты,бұл туралы Британдық «Daily mail» басылымы хабарлады, деп жазады Baq.kz.
Ғалымдардың пайымдауынша мумия көне түркі тайпасына тиесілі . Мумиямен қатар жылқы, ертоқым, арқан, ағаш ыдыстар, қазан және теріден тігілген киімдер табылған, бұл жәдігерлерге негізделе отырып, мәйіт иесінің өз кезінде жоғары таптың өкілі болғанын аңғару қиын емес.
«Біз мумияны әйел деп топшыладық, себебі бұл жерден садақ таппадық» дейді археолог Сақбатыр (B.Sukhbaatar). Осыдан 1500 жыл бұрын жерленген Мумия мен жәдігерлердің ұзақ уақыт сақталуының себебін мамандар климаттың қолайлы жағыдайымен байланыстырады.
Фото: baq.kz