Лента новостей
0

Ғарыш саласына құйылған қаражат отандық жерсеріктердің қызметімен өтеледі

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.04.2016 20:05 Фото: zakon.kz
Еліміздің ғарыш саласына құйылған қомақты қаражат отандық жерсеріктердің қызметімен де өтеледі.

Соңғы бес жылдан бері салада 17 миллиард теңгеден астам мемлекет қаржысы үнемделіп отыр. Дегенмен ғарыш саласында әлі атқарылуы тиіс маңызды міндеттер бар. Сондықтан Сенат депутаттары Ақкөл қаласындағы жер үсті басқару кешенімен арнайы танысты, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

2011 және 2014 жылдары іске қосылған қазақстандық екі телекоммуникациялық спутник мүлтіксіз қызмет көрсетіп тұр. Бұл ғарыштық қондырғыларға ел нарығында сұраныс жоғары. Көктегі қос бірдей «ҚазСат-2» және «ҚазСат-3» ғарыш аппараттары жердегі осы орталықта басқарылады. Ақмола облысының Ақкөл елді мекенінде орналасқан бұл жер үсті басқару кешенінсіз еліміздің байланыс саласын елестету мүмкін емес. Себебі мынадай алып антенналар және ғарыштағы қазақстандық спутниктер арқылы отандық арзан әрі сапалы байланыс қызметтеріне қол жетті. Сенат депутаттарының жер үсті басқару кешеніне арнайы баруында мән бар. Себебі ұлттық қауіпсіздік нысаны саналатын бұл ғимараттың мүлтіксіз қызмет көрсетуі маңызды. Сондықтан мұндағы мамандар басқару қондырғыларымен үздіксіз жұмыс істеп келеді. Солардың қатарында еліміздің қорғаныс саласына қажетті ғарыш аппараттарын меңгерген әскерилер де бар.

Бауыржан Құдабаев, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ президентінің орынбасары:

- Санкт-Петербургте оқыған балалар оралып жатыр. Дайныдықтары өте жоғары. Сондықтан өзіміздің ғарыш агенттігі арқылы Қорғаныс министрлігіне хат жаздық. Болашақта Қорғаныс министрлігінде спутиниктер болса, соларды дайын балалар қолданады ғой.

Сенаторлар таяуда заңнамалық актілерге ғарыш мәселелеріне қатысты өзгертулер енгізді. Мұндағы мақсат – салада қалыптасқан инфрақұрылымдық жүйелерді тиімді пайдалану. Осы орайда депутаттар бірқатар маңызды мәселені ортаға салды. Мәселен, Байқоңыр кешенін игеріп, қазынаға қомақты қаржы түсіру үшін ғарыш саласына жаңа серіктестер керек. Сондықтан Ресей, Жапония, Франция, Украина сынды елдермен тиімді әріптестік орнатылып жатыр дейді мамандар.

Мейірбек Молдабеков, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары:

- Петропавлда машина жасау зауыты бар. Сонда әскери зымырандар шығаратын технология бар. Бірақ ол Байқоңырдан зымырандар ұшыру үшін бізге жеткіліксіз. Бізге стратегиялық әріптес керек. Олардың зымырандар шығаруға мүмкіншілігі болу керек. Қазір Ресеймен келісіп жатырмыз. Ангара зымыраны бізге тиімсіз болғандықтан, басқа зымыранды пайдалану жөнінде келісіп жатырмыз. Сол жұмыстар 2021 жылдан басталайын деп жатыр.

Қазақстандық ғарыш аппараттарының нүктесін кеңейту де өзекті мәселе. Қазір еншімізде бір ғана орбиталық нүкте бар. Қазғарыш мамандары осы жағдайға алаңдаулы. Себебі жақын болашақта еліміздің тағы бір ғарыш аппаратын ұшыру үшін оған кеңістіктен тиісті орын белгілеу қажет. Сапар барысында көтерілген осындай мәселелерді сенаторлар енді заң шығару деңгейінде жан-жақты саралап, тиісті шешім қабылдамақ.

Рауан Мыңбаев, Бауыржан Қадыржанов

Фото:kaz.caravan.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: