Лента новостей
0

Қазақстанның «электронды үкіметі» құрылғалы бері 10 жылда 46 млрд жуық теңге жұмсалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.04.2016 22:05 Zakon.kz
Барлық үрдістер ашық болып, азаматтардың жинауы тиіс құжаттарының саны азайды.

Қазақстанда 2006 жылдан бастап «электронды үкіметті» құруға және жүзеге асыруға шамамен 46 млрд теңге жұмсалды, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Электронды үкіметке» жұмсалған ақшаны есептедік. Егер 2006 жылдан бастап қарайтын болсақ, осы жүйенің өзіне шамамен 46 млрд теңге жұмсалған», - деді ол ОКҚ-дегі Қазақстанның электронды үкіметі «egov.kz» порталының 10 жылдығына арналған баспасөз конференциясында.

«Электронды үкіметті» енгізудің экономикалық әсерін айтар болсақ, С.Сәрсеновтың айтуынша, «ақшалай мәнде ол шамамен 78 млрд теңгені құрайды».

«Бұл экономикалық тиімділігі ғана. 2015 жылға әлі есептеген жоқпыз, осы мәселе бойынша қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Таяу уақытта бұл мәліметтерді ұсынамыз деген ойдамын», - деп сендірді вице-министр.

Ведомство басшысының орынбасары айтып өткендей, «электронды үкіметті» енгізу халық тарапынан және жемқорлықпен күресте тиімділігін көрсетті.

«Барлығы электронды форматқа көшіріліп жатыр, барлығы автоматтандырылуда, яғни автоматты түрде жемқорлықпен күрес жүргізілуде. Демек, барлық үрдістер ашық болып, азаматтардың жинауы тиіс құжаттарының саны азайды», - деп түйіндеді вице-министр.

Фото:altaynews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: