Қарағандылық оқушы Билл Гейтстің шәкіртақысын жеңіп алды
Дарья Андрейченко шәкіртақы бағдарламасының негізін қалаушылардың бірі болып табылатын Билл Гейтстің грантына ие болған бірінші қазақстандық азаматша болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
№38 гимназияның оқушысы Дарья Андрейченко - Дьюк университетінің болашақ студенті. ҰБТ қорытындылары оның студенттік өміріне еш әсер етпейді, бірақ Дарья сынаққа сыныптастарымен бірдей дайындалып жатыр.
«Бұл ЖОО-ға 32 мың адамнан небәрі 1700-і оқуға түседі, ал бұл шәкіртақыны әлемде тек 8 адам алады. Маған онда оқуға түсіп қана қоймай, бұл шәкіртақы финалисі болғаным жазылған хат келгенде, мен қатты таңырқадым, оларға «Бұл әзіл емес пе?» деп жаздым», - дейді Дарья Андрейченко.
Дарья САТ - біздің еліміздегі ҰБТ-ға ұқсас сынаққа өзі дайындалып, ағылшын тілінен емтихан тапсырды, онлайн-сұхбаттан өтті. Нәтижесінде әлемдегі ең беделді ЖОО-ның бірінде білім алуға шақыру алды.
Фото: inform.kz