17 жылда ҚР-да ынтымақты зейнетақы мөлшері 9,4 есеге ұлғайды
17 жылда қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақысының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме беріп жазады.
«1999-2015 жылдар аралығында Қазақстанда ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды. 1999 жылы ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 4 мың 179 теңге болды, 2015 жылы аталған көрсеткіш 39 мың 379 теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, көрсетілген кезеңде зейнетақы шығындары 1999 жылы 99,1 млрд теңгеден 2015 жылы 918,4 млрд теңгеге дейін 9,3 есеге жуық өсті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы ынтымақты зейнетақының көлемі жыл сайын инфляция деңгейінен 2% басым көрсеткішпен индекстеледі.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы төлемдері 9%-ға өсті. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 1,9 млн зейнеткер бар.
Фото:news.caravan.kz