Қазақстанда 42 ЖОО-да үш тілді кадрлар даярлайды – ҚР МСМ
Республикада бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 125 жоғары оқу орнының 42-де студенттерді оқыту үш тілде жүргізіледі, онда 474,9 мың студент оқиды, деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі білім беру, ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Дінислам Болатханұлы. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп жазады.
«Индустриялды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін мамандар даярлау мақсатында базалық ЖОО-дары анықталған, еліміздің 42 ЖОО-да үш тілді кадрларды даярлайды», - деді ол.
Департамент басшысының мәліметінше, бүгінде республикада 125 ЖОО жұмыс жасайды, онда 474,9 мың студент, 32500 магистрант, 2 мың докторант оқиды.
«Жоғары білім берумен қамту 48,4%-ды құрайды. ЖОО-дары түлектерін еңбекпен қамтудың көрсеткіші ЖОО-нын аяқтаған соң бір жылдан кейін бүгінде 69,8%-ды құрайды», - деді Д.Болатханұлы.
Сонымен қатар, МСМ өкілі өнер жоғары оқу орындарында, яғни Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында, Қазақ ұлттық өнер университетінде және т.б. барлығы 3,7 мың студент білім алатынын айтып өтті. Олардың ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде - 3 мыңға жуық студент. Жыл сайын 780 адам оқуын бітіреді, олардың 709-ы мемлекеттік тапсырыс негізінде.
Жүргізілген мониторингке сәйкес, осы ЖОО-дарының түлектерін еңбекпен қамту бүгінде 70% астамды құрайды. «Егер нақты сандарды айтар болсақ, 595 студент жұмыспен қамтылады, олардың ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқығандары – 543 адам», - деп нақтылады Д.Болатханұлы.
Фото: otyrar.kz