Лента новостей
0

Шекарадан 2,7 грамм гашиш алып өтпек болған павлодарлық бір миллион теңге айыппұл төлейді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.04.2016 18:18 Zakon.kz
Ол үкімді орындаудан жалтарған жағдайда төрт айлық есептiк көрсеткiштің орнына бір күн есебімен бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігі түсіндірілді.

Железин аудандық соты есірткі затын тасымалдаған маршруттық автобустың жүргізушісіне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс материалына сүйенсек, Павлодардан «Форд» такси көлігімен Омбы қаласына жолға шыққан азаматты шекаралық қызметкерлер тексеру барысында сыртқы киімінің қалтасынан 2,7894 грамм "гашиш" есірткі затын анықтаған.

- Сот үкімімен жүргізуші ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі, 286-бабының бірінші бөлігімен және ҚК 58-бабының екінші бөлігі (есірткі затының контрабандасы және заңсыз сақтау) бойынша кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттің пайдасына қарай 1 060 500 теңгені құрайтын 500 АЕК көлемінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды. Алайда ол үкімді орындаудан жалтарған жағдайда төрт айлық есептiк көрсеткiштің орнына бір күн есебімен бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігі түсіндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - дейді облыстық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Жанар Жұматаева.

Фото:altaynews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: