Павлодарда балалар үйінің қос тәрбиеленушісі таеквондодан алтын медаль иегерлері атанды
Павлодарда (WTF) «КИМ СОНГ СУ» таеквондо мектебімен өткізілген облыстық чемпионатта отбасы үлгісіндегі балалар ауылының екі тәрбиеленушісі алтын медаль иегерлері атанды. Олар – (35 келі салмақ дәрежесінде) 12 жастағы Иван Шабалин және (37 келі салмақ дәрежесінде) 13 жастағы Ангелина Толмачева, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жарысқа Павлодар қаласының білім беру мекемелерінен 21 салмақ дәрежесі бойынша 5-4 жастағы 100-ден аса бала қатысқан. - 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап секцияға қатысатын Ваня Шабалин бүгінде ақ белдік иегері.
2013 жылдың қыркүйек айынан таэквондомен айналысатын ақ және сары белдіктердің иегері Ангелина Толмачева өткен аптада ғана жасыл белдікті алуға емтихан тапсырған. Олар ҚР-ның спорт шебері, қара белдік иесі Дмитрий Смородинде жаттығады. Балалар бүгінде 15 - 17 сәуір күндері аралығында Екібастұз қаласында өтетін облыстық чемпионатқа дайындалуда, - дейді балалар ауылының директоры Гүлбағда Кәрімова.
Фото:pavlodarnews.kz