«Алматы-Қостанай» пойызының мас күйде болған жолсерігі үш күнге қамалды
Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпараттың хабарлауынша, 11 сәуірде түнгі сағат 01.55-те «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Солтүстік» өңірлік филиалының 31 жастағы жолсерігі «Алматы-Қостанай» пойызында жұмыс орнында бола тұра, жолаушыларға балағат сөздер айтып, азаматтардың тынышын алған, тотатым-кранын жұлып алған. Соның салдарынан пойыз 12 минут тұрып қалды, деп хабарлайды alau.kz.
Көлік полициясы қызметкерлері жолсерік үстінен ҚР ӘҚтК 440-бабы 1-бөлігі, 560-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Әулиекөл аудандық соты жоғарыда аталған жолсерікке қатысты ҚРӘҚтК 434-бабы 1-бөлігін (ұсақ бұзақылық) бұзғаны үшін 3 тәулікке қамауға алу жөнінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды.
Қазір құқық бұзушы Қостанай аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Фото:today.kz