Лента новостей
0

Таразда «Ақберен» III Республикалық байқауы өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.04.2016 21:50 Zakon.kz
Шара барысында «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар шыққандар» 6 аталым бойынша марапатталды.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» III Республикалық байқауы өтті. Бұл туралы ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – жас дарындар арасынан гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары, талантты, жан-жақты өнерлі балаларды табу, кәсіби бағдар беру. Сонымен қатар, ұлттық ортаны қалыптастыруға жол көрсетіп суырып салмалық, әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) табиғи танымдық қабілеттерін айқындау.

Екі күнге созылған дүбірлі додадаға 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназиялардың 120-дан астам оқушыларынан құралған 18 команда қатысты. Өнер додасы 6 аталым бойынша өтті. Атап айтқанда, шешендік өнер, көркемсөз оқу, шығарма жазу, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы және ақындар мүшәйрасы.

Байқауға елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, айтыскер ақындар мен жазушылар әділқазылық жасады.

«Ұлы Абай өз қарасөзінде: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық» деген екен. Ғасыр ғұламасының қаншама жылдар бұрын айтып кеткен даналығы, күні бүгінге дейін өз өміршеңдігін жойған емес. Расымен де, бүгінгі ғасыр – жаңалығы желмен жарысқан, ой өрісі ғарышпен таласқан заңғар жастардың заманы. Қазақ тілін сапалы меңгерту және мәртебесін көтеру, оқушыларды ақындық пен шешендік өнерге баулу мақсатында өткізілген «Ақберен» III республикалық байқауы – әрбір жастың келешегіне жол ашады. Осы тұста Жүсіп Баласағұнның: «Әр бала жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» деген сөзі еске түседі. Тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі құдіреті, болашағының кепілі – кемел білім берер мектебі. Заман талабына сай, әлем кеңістігінде білім додасынан тайсалмайтын жас жеткіншектерді тәрбиелеу басты парыз. Халықтың қалт етпес қағидасын, елдіктің еңселі естелігін танытатын қазақ тілі. Ұлт тағылымын белгілі қағидаттарға сүйеніп, өскелең ұрпақ бойына ана тілді сіңіру оны оқытудан басталады», – деді Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова.

Шара барысында «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар шыққандар» 6 аталым бойынша марапатталды. Ақындық пен шешендік өнерінен эссе жазу бағытында «Шығарма шырайы» номинациясы бойынша жамбылдық Көркемжан Қанат, «Шашасына шаң жұқпас» аталымы бойынша алматылық Жанали Айбын, «Бастау» номинациясы бойынша астаналық Елдос Әлкей, «Саз құдыреті» номинациясы бойынша алматылық Аида Жақанбек, «Сөз шебері» номинациясы маңғыстаулық Жансая Мұратова, «Тіл мәйегі» номинациясы бойынша шығысқазақстандық Еркежан Серікжановалар үздік деп танылды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға Мырзатай Жолдасбеков өзінің 8 томдық таңдамалы шығармалар жинағы мен ұялы телефондар табыс етті.

Сондай-ақ байқаудың бас жүлдесін Елнұр Бейсенов қанжығалап, оған Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының гранты берілді. Бұдан басқа да өз өнерлерімен ерекшеленген жас дарындарға Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың 5 білім гранты ұсынылды.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: