Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 51 пайызға артты
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 51 пайызға артып, 44 млн 600,32 мың долларды құрады. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде аталмыш көрсеткіш 29 млн 560,32 мың доллар болған. Бұл туралы BNews.kz агенттігі хабарлайды.
Атап айтқанда, әзірбайжандықтардың Қазақстан Республикасына экспорты 12 пайызға, ал, қазақстандық тауарлардың Әзірбайжанға импорты 55 пайызға артты.
Қазақстанның Әзірбайжан экспортындағы үлесі биылғы жылдың алғашқы үш айындағы қорытындылары бойынша, 0,19 пайызды құрады. Ал, Әзірбайжанның Қазақстан экспортындағы үлесі 2,26 пайыз делінген Әзірбайжанның Мемлекеттік кеден комитеті таратқан мәліметтерде.
Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 2015 жылы 116 млн 883,45 мың долларды құрады. Қазақстаннан Әзірбайжанға экспортталатын тауарлар негізінен минералды ресурстар. Атап айтқанда олар: химиялық шикізат, астық, темекі өнімдері, электроқұрылғылар.
Қазақстан Әзірбайжаннан битумды материалдардан дайындалған мұнай өнімдері, этилен полимерлері, машиналар мен техникалардың жиынтықтарын импорттайды.
Фото:news.caravan.kz