Аукциондарға негізінен моноқалалардың маңындағы аз зерттелген жер қойнаулары қойылады
Өңірлерде жұмыс орындарын құрып және оларды сақтау үшін аукциондарға моноқалалардың маңындағы аз зерттелген жер қойнаулары қойылады, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев 7-ші МАЙНЕКС Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумының ашылуында сөйлеген сөзінде. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақапаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Министр қазір Қазақстан ескі практикадан жер қойнауын пайдаланудың аукцион түріндегі прогрессивті практикасына көшкенін еске салды.
«Аукционға жер қойнауының аз зерттелген, қосымша іздеу жұмыстарын қажет ететін бөліктері қойылады, ол жерлер ресурстық базамен қамтылған арнайы моноқалалардың маңынан осы өңірлерде жұмыс орындарын құрып, сақтау үшін таңдалады», -деді ведомство басшысы.
Ол 2015 жылдың желтоқсанында өткен аукционда қол қойылған бонус ретінде 36 лот бойынша бюджетке 1,5 млрд теңгеден астам қаржы тартылғанын айтты.
«Аукцион байқаудың барынша ашық формасы болып табылады, онда шешім көпшіліктің алдында жарияланады. Жалпы аукцион бойынша оның қолжетімділігіне, ашықтығына және қарапайымдылығына байланысты инвесторлардың жағымды пікірлері қалыптасқан», - деп баса айтты Ә.Исекешев.
Оның айтуынша, Қазақстанда пилоттық режімде Степногор қаласының маңында 100 шақырым аумақ белгіленді және осы жылдың бірінші тоқсанында 25 блок бойынша 10 жаңа келісім-шарт бекітілді.
Ол сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы рұқсат рәсімдерін жеңілдету бойынша шаралар жайлы айтты.
«Соңғы үш жылда жер қойнауын пайдаланушылар саласында көп дүние жасалды. Реформаның бірінші кезеңі аяқталды деп айтуға болады. Мысалы, геологиялық ақпаратты жеткізу мерзімі 240 күннен 1 күнге дейін қысқарды. Жер қойнауы туралы заңнаманың австралиялық моделі негізінде барлау құқығы бөліміне өзгерістер енгізілді. Барлау келісім-шартын бекіту мерзімі 2-жылдан 25 күнге дейін қысқартылды», - деді ведомство басшысы.
Ә.Исекешевтің пікірінше, мұндай шаралар тәжірибе көрсеткендей 50%-ға дейін жаңа кен орындарын ашу үшін орта және шағын кәсіпорындарды көптеп тартуға мүмкіндік береді.
Фото:egemen.kz