Павлодарда маршруттық автобус пен жеңіл көлік соқтығысты
Павлодарда Естай-Сәтбаев көшелерінің қиылысында «Тойота Камри» және маршруттық №4 «Ивеко» шағын автобусы соқтығысты. Екі көліктің жүргізушісі де бағдаршамның жасыл түсіне жүргендерін айтып сендіруде, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттікке облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұманов мәлім етті. - Оқиға шамамен кеше сағат кешкі тоғызда орын алған. Темір тұлпарды 31 жастағы жігіт тізгіндеген. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккен төрт жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Жүргізушінің екеуі де спирттік ішімдік тұтынбаған. Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Б. Жұманов.
Омар Еркін
Суретті түсірген - Елизавета Весленева