Лента новостей
0

Ақсуда 3 және 4 сынып оқушыларын бассейнде тегін жүзуге үйретеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.04.2016 21:34 Zakon.kz
Оқушыларды жүзуге екі нұсқаушы үйретеді. БЖСМ алты жүзу жолағы бар бассейннің ұзындығы 25 метр, тереңдігі 1,2 және 4,5 метрді құрайды.

Ақсуда 3 және 4 сынып оқушыларын бассейнде тегін жүзуге үйретеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында Ақсу қаласы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары Светлана Гладышева мәлім етті.

- Бұл бағдарлама жайлы өткен жылы сөз қозғағанбыз. Осы жылы шараға қалалық бюджеттен 6 миллион теңге бөлінді. Осылайша, қаланың бес мектебінен 3-4 сыныпта оқитын 1130 оқушы кесте бойынша бассейнге тегін баратын болды. Жалпы, оқу төрт ай жалғасады. Әр сыныпқа 10 сағаттан уақыт бөлінген. Бірінші кезекте тұрған 238 оқушы жүзуді меңгеріп, енді келесі кезектегі 260 бала оқуға барып жүр. Біз олар үшін алаңдаймыз, алдағы жазғы демалыс кезінде көбі ата-аналарымен су басына барып демалатынын білеміз. 9-10 жастағы балалар осы кезеңде табиғатты көбірек танығысы келе бастайды. Сондықтан әзірге осы жастағы балаларды жүзуге үйретіп жатырмыз. Келесі жылы осы бағытта жұмысты жалғастырып, ауыл мектептерін де қосамыз деп ойлаймын. Айта кетерлігі, аталмыш тәжірибені Қазақстанның бір де бір қаласында қолданбайды, - деді С.Гладышева.

Оқушыларды жүзуге екі нұсқаушы үйретеді. БЖСМ алты жүзу жолағы бар бассейннің ұзындығы 25 метр, тереңдігі 1,2 және 4,5 метрді құрайды.

Назым Қарабаева

Фото:baby-sad.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: