Лента новостей
0

Дүниежүзілік банк Қазақстанға 1992 жылдан бері 7 млрд жуық доллар инвестиция салды-ҚР ҰЭМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.04.2016 22:55 Zakon.kz
Жаңа келісім 2004 жылы Қазақстан Республикасы ратификациялаған ҚР-дағы Дүниежүзілік банк офистері мен қызметкерлерінің мақсатын, мәртебесін, басымдықтарын, иммунитетін нақтылайды.

1992 жылдан бастап Дүниежүзілік банк Қазақстанға 7 млрд жуық доллар инвестиция салды, деп мәлімдеді «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп жазады.

«Дүниежүзілік банк 1992 жылдан бері Қазақстанға 6,8 млрд доллардан астам инвестиция салды», - деді Е.Досаев.

Сонымен қатар, ол аталмыш қаражат жол және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, шағын және орта бизнес бәсекелестігін арттыруға, білім және денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға, кедендік және салықтық жүйелерін әкімшілендіруін оңтайландыруға, қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесуге бағытталғанын айтып өтті.

Бұдан өзге, ол 2014 жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын еске салды.

Аталған құжат шеңберінде 2016-2021 жылы жалпы құны 4,9 млрд доллар, оның ішінде 4,3 млрд долларды құрайтын бірлескен жобалар іске асырылатын болады.

Қазақстан мен Дүниежүзiлiк банк арасындағы ынтымақтастықты әрi қарай нығайту үшiн 2016 жылы 21 қаңтарда Давос қаласында Дүниежүзiлiк экономикалық форумын өткiзу кезiнде ҚР Үкiметi мен Дүниежүзiлiк банк арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс iстеуi туралы келiсiмге қол қойылды. Аталған келісім Алматы қаласында тұрақты өкілдікті бекіту туралы 1994 жылғы алдыңғы келісім-шарттың орнын алмастырады.

Жаңа келісім 2004 жылы Қазақстан Республикасы ратификациялаған ҚР-дағы Дүниежүзілік банк офистері мен қызметкерлерінің мақсатын, мәртебесін, басымдықтарын, иммунитетін нақтылайды.

Фото:ortcom.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: