Лента новостей
0

Таразда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрме ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.04.2016 23:47 Zakon.kz
Көрмеге қойылған өнер туындылары екі апта бойы Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облыстық көрме залында «Тамаша әлем!» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен студенттерінің картиналары мен өнер туындылары қойылған. Бұл туралы ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Биылғы жылы еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуде. Бұл айшықты кезең біздің сара жол таңдап, берік берекенің белесіне беттегінімізді дәлелдеп берді. Әрбір азаматын бауыр еті баласындай бауырына басқан ыстық Отанымыздың гүлденуіне жол ашты. Халқымыздың атын әлемге әйгілеп, мәртебесін өсірді. Халқымызда «өткенін ұмытқан өшкендіктің белгісі, өткенін еске алған өскендіктің белгісі» деген қанатты сөз бар. Міне, бұл тұрғыда осы тақілеттес шаралардың маңызы зор екендігі бесенеден белгілі» дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Көрмеге институттың «Кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің 70-тен астам қолданбалы өнер, кескіндеме жанрындағы туындылары және ұлттық нақыштағы киім үлгілері қойылған. Атап айтқанда, Қ. Нұрбайқызының «Айша бибі», С. Тынысбаеваның «Қазақ хандығына 550 жыл», А. Аманжолдың «Шебер қолы», А. Нейфельдтің «Бала бесік», А. Жанқожаеваның «Караван» және М. Алжановтың «Халық өнер тамыры» атты картиналары тарихтың терең қойнауынан сыр шертеді. Ал, Ж. Тұрмаханованың «Бәйтерек тарихы», Ш. Жұмалиеваның «Астана жолы», Г. Нұрпаштың «Ертегі әлемі», Ж. Қилыбаеваның «Көктем көңілі», А. Фиешканың «Нежность» тақырыбындағы өнер туындыларында егемен еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстары көркем бейнеленген. Сонымен қатар, ұлттық музыкалық аспаптар мен «Ақ қербез», «Томирис» және «Ханшайым» коллекцияларымен қатар, күнделікті тұрмыс-тіршілікте қолданылған заттар да орын алған.

Көрмеге қойылған өнер туындылары екі апта бойы Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: