Лента новостей
0

Оралда 350 млн теңгені қалтасына басқан қаржы полициясының бұрынғы қызметкері тұтқындалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.04.2016 17:05 Zakon.kz
Қазір Кәрімов тергеу абақтысында жатыр. Аталған баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Орал қалалық соты БҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бұрынғы қызметкері Бәкір Кәрімовті қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Жайықжылуэнерго» АҚ жұмысшысы 350 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Облыстық соттан мәлімдегендей, Бәкір Кәрімовке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Қаржы полициясының бұрынғы қызметкері БҚО әкімдігінің теңгеріміндегі «Жайықжылуэнерго» АҚ коммуналды кәсіпорнында жұмыс істеген.

«Кәрімов мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы болып қызмет етті. Ол ЖЭО газтурбиналық қондырғысы үшін жабдық жеткізуге міндеттелген ресейлік компаниялардың бірімен келісімшарт бекіткен. Шығын 350 млн теңгеден асып отыр», - деп атап өтті қалалық соттан.

Қаржы полициясында жүрген кездері Кәрімов бюджет ақшасын жымқыру және жалған кәсіпкерлік сынды істерді тергеумен айналысты. 2011 жылы департамент капитанына белгісіз біреу травматикалық тапаншадан 4 рет оқ атқан. Қарулы шабуылдан Кәрімов бір көзінен айырылды.

Қазір Кәрімов тергеу абақтысында жатыр. Аталған баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Фото:www.t-styl.info

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: