Грекияда 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
2016 жылғы XXXI жазғы Олимпиада ойындарының алауын жағу рәсімі ежелгі Олимпияда өтті. Бұл туралы «Қазақстан» ҰТА, Риа Новости агенттігі жазған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлады.
Жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында өтеді.
Ежелгі грек храм-қорымы Герада өткен дәстүрлі шаралардан соң Олимпиадалық ойынның эстафетасы басталады. Аталмыш шара алғашында Греция аймағында өтеді. 27-сәуірден бастап, ол ресми түрде Рио-2016 ұйымдастыру комитетіне беріледі.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, эстафетаны грециялық спортшы бастайды. Бұл жолы алауды спорттық гинастикадан 2015 жылғы Әлем чемпионы 25 жастағы Элефтериос Петруниас алып жүреді. Бұдан соң спортшы Олимпиада қозғалысының негізін қалаушы Пьер де Кубертеннің ескерткішінің жанында ойындардың алауын екі дүркін Олимпиада чемпионы, бразилиялық Джована Гавиоға тапсырады.
Грецияда алауды сонымен қатар, өздерінің тағдырының не боларын күтіп отырған мыңдаған босқындардың бірі де алып өтеді.
Бразилияда эстафета ел астанасы Бразилиада 3 мамыр күні басталады. Олимпиаданы өткізетін елдің аумағынан алауды 12 мың адам алып өтеді. Эстафета Рио-де-Жанейрода 5 сәуір күні, Маракана стадионында Олимпиаданың басталар күні аяқталады. Олимпиада ойындарының рәмізі стадионда ойындар аяқталғанша, яғни, 21 тамызға дейін жанып тұрады.
Фото:www.spletnik.ru